Бокс федерациясы кубогының жартылай финалына шыққан құрамалар анықталды
Қарағанды қаласында өткен «D» тобының бәсекесінде Алматы облысының боксшылары барлық қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал, Орал қаласында өткен «B» тобының бәсекесінде Жамбыл облысының боксшылары жартылай финалға мерзімінен бұрын шығып қойған болатын.
Бірінші жартылай финалдық бәсекеде Алматы облысының боксшылары Жамбыл облысының боксшыларымен жұдырықтасса, екінші жартылай финалда Ақмола және Маңғыстау облысының боксшылары қолғап түйістіреді.
Жартылай финал мен финал ойындары әдеттегідей Астана қаласында 14 және 15 қараша күндері өтеді. Биылғы турнирдің жүлде қоры 25 миллион теңгегені құраған және жүлдені жеңімпаз атанған команда иемденеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақмола және Маңғыстау облысының боксшылары жартылай финалға шыққан болатын.