Сэм Солиман Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты
IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы 40 жастағы Сэм Солиман WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты.
«Біз Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деп жоспарлаған болатынбыз. Бірақ, америкалық боксшы Джермейн Тейлормен ортақ келісімге келіп, жекпе-жек өткізетін болып шештік», - дейді Солиманның менеджері Дэвид Стэнли.
Сэм Солиман осыдан екі ай бұрын Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын деген болатын. Бірақ, Сэм райынан қайтып, америкалық Джермейн Тейлормен жұдырықтасатын болды. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 4-ші қазан күні АҚШ-та өтеді.