Джордж Гроувз: Геннадий Головкинмен спаринг жаттығу өткізіп, баға жетпес тәжірибе жинадым
Британдық боксшы Джордж Гроувз 20-қыркүйекте Кристофер Ребрейспен жекпе-жек өткізеді. Естеріңізде болса, Джордж Гроувз WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің австралиялық Дэнилге Гилмен өткізетін жекпе-жегінің алдында спарринг қарсыласы болған еді.
«Мен Геннадий Головкинмен спарринг қарсылас болғаныма қатты қуанамын. Маған спарринг қарсылас болуға ұсыныс тастаған кезде ұзақ ойланып отырмай, бірден келісім бердім. Сол спаррингтің арқасында Головкиннен баға жетпес тәжірибе жинадым. Әлемнің ең мықты боксшысымен спарринг қарсылас болғанымды мақтан тұтамын», - дейді Джордж Гроувз.