Белгілі спрот журналисі Головкиннің командасын мақтады
Белгілі спорт журналисі Григорий Стангирт WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Соңғы кезде Леффлерді көп сынауда. Сол себепті мен осы айтылған сындарға қарсы пікір білдіргім келеді», - дейді өз Твиттерінде Стангирт.
«Оскар Де Ла Хойя өзінің PPV-не НВО телеарнасындағы 8-ші жекпе-жегінен кейін шықты. Мэнни Пакьяо болса, PPV-ге НВО арнасында 6 жекпе-жек өткізіп шықты. Алайда ол Баррера мен Маркеспен мегафайт өткізген болатын. Флойд Мейвейзер PPV-ге НВО телеарнасында 15 жекпе-жек өткізіп барып қол жеткізді. Головкин енді 6-шы жекпе-жегін өткізеді. Ал, ол өзінің 5-ші жекпе-жегінің өзінде PPV-да болды. Сондықтан, Леффлер өз жұмысын жақсы атқаруда», - дейді спорт журналисі.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Геннадий Головкин 18 қазан күні 34 жастағы Марко Антонио Рубиомен кездеседі. Жекпе-жек Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub стадионында өтіп, оны НВО телеарнасы көрсетеді.