Қазақстандық 5 боксшы AIBA Pro Boxing жобасына қатысады

24 қазан күні Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы ұйымдастырған қазақстандық 5 боксшы қатысатын (AIBA) AIBA Pro Boxing жаңа жобасының алғашқы жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды vesti.kz. Жарыс төрт кезеңнен тұрады. Үш кезеңнен кейін әр салмақ бойынша екі мықты боксшы анықталып, кейін олар чемпиондық атақ үшін сынға түседі. Бірінші кезеңде спортшылар 3 минутан 6 раунд, ал финалда 8 раунд жұдырықтасатын болады. Қазақстан атынан жобаға Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 келіге дейін), Азия чемпионатының жүлдегері Ілияс Сүлейменов (52 келіге дейін), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін), Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейін) және Азия чемпионы Антон Пинчук (91 келіге дейін) қатысады. Қазақстандық спортшылардың қарсыластары арасында Олимпиада және Әлем чемпиондары бар: 49 келіге дейінгі салмақ: Шин Йонхун (Оңтүстік Корея), Давид Айрапетян (Ресей), Марк Энтони Баррига (Филиппин), Лу Бинь (Қытай), Біржан Жақыпов (Қазақстан), Патрик Лоуренсо (Бразилия), Леандро Бланк (Аргентина). 52 келіге дейінгі салмақ: Александар Александров (Болгария), Редуан Аслум (Франция), Мохаммед Флисси (Алжир), Ферандо Мартинес (Аргентина), Миша Алоян (Ресей), Ілияс Сүлейменов (Қазақстан), Жасурбек Латипов (Өзбекстан), Винченцо Пикарди (Италия), Элиас Эмигдио (Мексика). 60 келіге дейінгі салмақ: Дмитрий Полянский (Ресей), Робсон Консейсао (Бразилия), Берік Әбдрахманов (Қазақстан), Доменико Валентино (Италия), Хуршид Тожибаев (Өзбекстан), Артур Бриль (Германия), Чарли Суарез (Филиппин), Дэвид Джойс (Ирландия). 81 келіге дейінгі салмақ: Спас Генов (Болгария), Эхсан Рузбахани (Иран), Мэтью Бадерлик (Франция), Никита Иванов (Ресей), Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан), Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан), Абдельхафид Беншабла (Алжир), Джо Уорд (Ирландия). 91 келіге дейінгі салмақ: Тервел Пылев (Болгария), Джавонта Чарльз (АҚШ), Клементе Руссо (Италия), Шуаиб Булудинатс (Алжир), Эмир Ахматович (Германия), Ямиль Перальта (Аргентина), Алексей Егоров (Ресей), Антон Пинчук (Қазақстан). Айта кетейік, әр салмақтағы жарыс әр мемлекетте өткізіледі. Мысалы, 60 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жектер Қазақстанда болады. Жоба қазанда басталып, қаңтарда аяқталады. Әр салмақ жеңімпазы Рио-де-Жанейроға жолдама алады. AIBA Pro Boxing өтуіне байланысты V Дүниежүзілік бокс сериясының уақыты шегерілді. Енді ол 2015 жылдың ақпан айында басталады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды