Том Леффлер: Чемпиондық атағы жоқ Куиллинмен жекпе-жек қызықты емес
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Питер Куиллиннің WBO чемпиондық атағынан өз еркімен бас тартуына өз пікірін білдірді. Себебі ол Геннадийдің кезекті қарсыласы атануы мүмкін еді.
«Біз бұл біріктірілген жекпе-жекті ұйымдастыру кезінде көптеген мәселеге тап болдық. Біз Куиллиннің командасына ұсыныс жасадық, алайды еш жауап болған жоқ. Жекпе-жектің бар қызығы чемпиондық атақта. Енді бұл екі боксшының кездесуі қызық болмайды», - дейді Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, 5-ші қыркүейік күні Питер Куиллин ресейлік Матвей Коробовқа қарсы міндетті жекпе-жекке шықпай, өзінің WBO чемпиондық атағынан айырыл қалды. Айта кетейік, Геннадий Головкин болса, WBA (super) және IBO чемпиондық атақтарының иегері.