Қанат Ислам WBA рейтингінде 7-орынға көтерілді
Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қыркүйек айындағы рейтингінде 7-орынға көтерілді.
29 жастағы боксшы қауымдастықтың чемпиондық белбеуіне үміткерлер тізімінде екі сатыға жоғарылаған.
Кәсіби рингте 69,85 келі салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам 18 жекпе-жек өткізген.
Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 8-тамыз күні колумбиялық Фидель Монтерроса Муньоспен өткізіп, жеңіске жетті. Бұл - оның мерзімінен бұрын аяқтаған 15-ші жекпе-жегі.