Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындықты Талғардағы Дүниежүзілік бокс академиясында өткізуі мүмкін

Бірінші жартылай салмақта (69,85 кг) жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындық жұмыстарын Талғар қаласы маңындағы тау бөктерінде орналасқан Дүниежүзілік бокс академиясында өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Академия керемет жерде орналасқан. Айнала тау, көлік аз. Құлақ тыныш. Жекпе-жектерге дайындалуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынын осы жерде өткізсем деген ойдамын. Оны осы академия басшыларымен кездесіп шешуіміз керек», - деді Қанат Ислам. Сонымен қатар, Қанат «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубымен де келісімшарт жасасуы ықтимал. Ол бұл мәселенің алдағы бір-екі аптада шешіліп қалауы мүмкін екендігін жеткізді. Сондай-ақ, Қанат Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву мырзаның оны жаңа AIBA Professional Boxing (APB) жобасына қатысуға шақырғанын мәлім етті. «Ву мырза кел деп жатыр. Өткен жылы Әлем біріншілігіне келген кезде шақырған. Ол кісінің ілтипатына, құрметіне алғысым шексіз. Мен әуесқой бокста көп жүрдім. Шақырып жатқандарына рахмет. Мүмкіндік болса, Алла бұйыртса, алдағы күндері көре жатармыз. Дегенмен, менің қазіргі таңдауым - кәсіпқой бокс.Мен кәсіпқой боксқа ауысқан соңғы екі жылдан бері біраз жұмыстар атқарылды. Құдайға шүкір, халқым «басына көтеріп» жатыр. Рахмет! Қазір мен бір үлкен ортада жүріп жатырмын. Бұрын істемеген жұмыс. Енді біз де байқап көрелік. Мен қай бокста жүрсем де көк туды көтеріп, ел намысын қорғап жүргеніме қуаныштымын», - деді Қанат Ислам. Қанаттың кезекті жекпе-жегі алдағы қазан айының 30-на жоспарланған. Енді бірнеше күннің ішінде қарсыласының да аты-жөні белгілі болады. Естеріңізге сала кетелік, Қанат Ислам қазір WBA (Халықаралық кәсіпқой бокс қауымдастығы) рейтингінде жетінші орында тұр. Кәсіпқой рингте 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. АҚШ-тың Флорида штатының Пахоки қаласында промоутер әрі бапкер Нельсон Лопестің клубында жаттығады. Қанаттың айтуынша, алдағы бір жекпе-жектен кейін 2015 жылы чемпиондық атаққа таласуы мүмкін. Қазіргі таңда аталмыш нұсқа бойынша бірінші жартылай салмақта Әлем чемпионы - америкалық боксшы Флойд Мейвезер екені белгілі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды