Том Леффлер: Головкин – Мэйвезер жекпе-жегінің өтуі Флойдқа байланысты
Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ол америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен Головкин жекпе-жегі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vringe.com.
K2 Promotions промоутерлік компаниясының атқарушы директорының сөзі бойынша, Геннадий Головкин 69,9 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға дайын, сондықтан барлығы Флойд Мэйвезерге байланысты.
«Бұл жекпе-жек тек Флойд қалағанда ғана өтеді. Көрермендердің қызығушылығын ескере отырып, біз осы уақытқа дейін Головкиннің 69,9 келі салмақта Флойдпен жұдырықтасуға дайын екенін айтып келеміз. Алайда, тек бір жақтың қалауымен жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін емес. Ол үшін екі тараптың да қызығушылығы керек», - деп мәлімдеді Леффлер Boxingscene сұхбатында.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін WBC нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді. Бұл кездесу 18-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: vk.com