Том Леффлер: Рубио – мықты боксшы
Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (30-0, 27 КО) промоутері Том Леффлер WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы тәжірибелі мексикалық Марко Антонио Рубионы (59-6-1, 51 КО) өте қауіпті боксшы санайды, деп хабарлайды Vringe.com.
«Егер сіз Рубио сияқты 59 жекпе-жектің 51-ін нокаутпен жеңсеңіз, онда сіз жеңістен үмітті боларыңыз анық. Біз Рубионың Головкиннен қорықпайтынын білеміз. Оның тәжірибесі мол әрі Роберт Гарсия сияқты керемет жаттықтырушысы бар. Марко Антонио шаршы алаңға 100 пайыздық дайындықпен шығады. Ол Геннадий осы уақытқа дейін кездескен қарсыластарының ішіндегі ең мықты панчері. Осының барлығы көрермен үшін керемет жекпе-жек болады. Ал, жеңімпаз Мигель Коттомен кездесуге үміткер атанады», - деп келтіреді Том Леффлердің сөзін Fightnews.com.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио жекпе-жегін 19-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. Оны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 07:00-де көрсетеді.