Головкин мен Рубио жекпе-жегінің бас төрешісі - Джек Реисс
Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (30-0, 27 КО) мен WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы, мексикалық Марко Антонио Рубио (59-6-1, 51 КО) арасында өтетін жекпе-жектің бас төрешісі белгілі болды, деп хабарлайды Дүниежүзілік бокс қауымдастығы.
Бұл міндет калифорниялық Джек Реисске жүктеліп отыр. Егер, жекпе-жек 12 раундқа созылса, онда жеңімпаз Рауль Каисс, Роберт Хойл және Макс де Луканың бағалары бойынша анықталады. Олардың барлығы АҚШ-тың төрешілері.
Еске сала кетейік, жекпе-жек 18 қазанда Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телернасы тікелей эфирден ұсынады.
Жекпе-жек жексенбі күні Астана уақыты бойынша «KAZsport» телеарнасында 07.00-де басталады. Ал, Ұлттық арна бокс кешін 08.00-ден бастап қосылады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио кеше жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді.
Фото: 1.skysports.com