Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде
Ақтауда бокстан тұңғыш КСРО спорт шебері, Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған 8-ші халықаралық турнир өтіп жатыр.
Бұл сынға 6 елдің былғары қолғап шеберлері қатысуда. Еліміздің барлық облыстарыда өз өкілдерін әкеліпті. Олардың арасында Әлем чемпионы Шалқар Айқынбай және Әлем біріншілігінің жүлдегері Сұлтан Зауырбек бар.
Ақтау шаршы алаңы алдағы қараша айында өтетін ел чемпионаты алдындағы боксшылардың деңгейін байқап көруге таптырмас жарыс.
Еске сала кетейік, 19-шы қазан күні боксшылардың бәсекесін «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 10:45-те көрсетеді.