Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы өткізеді
WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы өткізеді.
Бұл туралы бүгін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жекпе-жек ақпан айында Монте-Карлода өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.
Сонымен қатар, Том Леффлер бұл жоспардың өзгеруі мүмкін екенін айтып салды. Ол үшін мексикалық Хулио Сезар Чавес келісімін беруі тиіс. Екі жақ келісіміге келген жағдайда жекпе-жек ақылы трансляция арқылы АҚШ-та ұйымдастырылады.
Геннадий Головкин келесі жылы төрт жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы 31-ші жекпе-жегін өткізіп, мексикалық Марко Антонио Рубиодан WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы атағын тартып алды.
Енді ол өзінің келесі қарсыласы ретінде Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен жұдырықтасқысы келетін мәлімдеді.