Геннадий Головкин: Кез келген қарсыласпен шығуға дайынмын
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша атағын қорғап, WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы атанды.
Ол мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
«Маған Рубиомен өткен жекпе-жек ұнады. Бірінші раундта мен қарсыласымды зерттедім, қатты соққылар жасамадым. Қазір менде үш белбеу бар. Келесі жекпе-жекті Мигель Коттомен өткізгім келеді. Ол – чемпион. Сонымен қатар, Сауль Альварес пен Чавес-кішімен де жұдырықтасуға дайынмын. Бұл менің Лос-Анджелестегі алғашқы жекпе-жегім, сондықтан мені қолдаған жанкүйерлерге рахмет», - деді Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін.