Серхио Мора Геннадий Головкинмен жақсы гонорар үшін жұдырықтасуға дайын
Серхио Мора Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Оның ойынша, Головкин - орта салмақтағы бокшылар арасындағы ең мықтысы, деп жазады ҚазАқпарат.
Айта кетейік, Мора Головкинді жекпе-жекке бұған дейін де шақырған болатын.
«Менің ойымша, Рубио артық салмақ қосқанына байланысты 100 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегенін ескерсек, шамамен 600 мың АҚШ долларын алды. Кертис Стивенске 300 мың, ал Гилге 600 мың берілді. Егер мен де осындай гонорарға келіскен жағдайда, біздің кездесу Головкин Мюррейді нокаутқа жібергеннен кейін болады. Жекпе-жек құны 500, 600, 700 мың көлемінде болатын шығар. Себебі, бұл - жақсы баға. Ал 100, 200 мың болған жағдайда, Дэниел Джейкобс, Джермен Тейлор сынды боксшылармен кездескенді қалар едім», - дейді ол.
Еске сала кетейік, 21 ақпан күні Монакода Головкин мен Мартин Мюррей арасында кездесу өтеді.