Геннадий Головкин ҚР құрамасының боксшыларын Калифорниядағы өз базасына жаттығуға шақырды
Қазақстандық бокс федерациясы және Ұлттық құраманың басшылығы GGG командасымен келіссөздер жүргізілуінің арқасында Геннадий Головкин бір топ қазақстандық боксшыларды Калифорниядағы өз базасына жаттығуға шақырды. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлайды.
2015 жылдың наурыз айының соңы мен сәуір айының басында қазақстандық боксшылар Америка бойынша турнеге аттанып, Аргентина, Венесуэла және АҚШ елдерінде өтетін WSB сериясының кездесулеріне қатысады.
Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзіне сенсек, Америкаға аттанатындардың қатарында құраманың бірінші нөмірлі спортшылары – Жәнібек Әлімханұлы, Иван Дычко, Илияс Сүлейменовтер бар.WSB жүйесіне бой үйретіп, сайыстарға дайындалу үшін Геннадий Головкин ұлттық құрама мүшелерін өз базасына шақырды. Қазіргі уақытта боксшыларға спарринг-қарсыластар қарастырылу үстінде.
sk-sport.kz