Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев америкалық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-жегінде қарсыласы - америкалық Карлос Санчесті нокаутқа түсірді.
Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.
Жекпе-жек Калифорнияда кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның алдындағы жекпе-жекке орайластырылған бокс кешінің аясында өтті. Руслан бірінші раундта-ақ қарсыласын есінен тандырды.
Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық спортшы үшін бұл айқас кәсіби бокстағы үшінші кездесуі.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Абель Санчестің қарамағында ақпанның 21-і күні Монакода Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізетін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүр.