Мэттью Маклин: Головкиннің рингте өзін ұстауы Мюррейді таңғалдырары анық

Орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы М.Маклин 21 ақпан күні Монте-Карлода өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді. 21 ақпан күні Монте-Карлода өтетін Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке қатысты орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы Мэттью Маклин пікір білдірді. Ойың ойынша, Головкин WBA дәрежесін абыройлы қорғап қалады. 32 жастағы Маклин Генамен 2013 жылдың маусым айында жұдырықтасқан болатын. Осы жекпе-жектен жеңіліс тапқан Маклин содан бері «GGG»-дің кездесулерін бақылап келеді. Головкин Маклиннен соң тағы төрт рет кездесу өткізді. «Мартин - қорғанысы мықты кәсіпқой боксшы. Алайда, мен оны Головкинді жеңе алады деп алдын-ала ештеңе айтқым келмейді. Бірақ, Головкинге қарсы тұратын бірден-бір адам – Мюррей». Ал, қазақстандық боксшыға қатысты Маклин: «Головкин - қызуқанды әрі жан-жақты. Ол кез-келген уақытта және ең қолайсыз кезде де қорғанысты жақсы ұстайды»,-дейді. «Головкиннің өзін қалай басқаратыны Мюррейді таңғалдырары анық. Мен де оған таңғалғанмын. Рингте ол өте салмақты. Техникасы жоғары дәрежеде. Ол әр соққыны жіберер кезде тепе-теңдігін жақсы ұстайды». «Меніңше, жекпе-жектің қалай өрбуі Мартиннің амбициясына байланысты. Ол рингке жеңетініне сенімді болып шыққанымен, Головкин жекпе-жекке кірген кезде, барлығы аяқ астынан өзгеріп кетуі мүмкін». «Мен Головкиннің жанкүйерімін. Онымен жұдырықтаспастан бұрын да жанкүйері болғанмын. Ол - керемет боксшы және жақсы жігіт. Мен оны бұдан кейін де қолдайтын боламын», деген Маклин Головкин-Мюррей кездесуінде өзінің жерлесі жеңіске жетеді, деп үміттенеді. «Егер Мартин Мюррей жеңіске жетсе, бұл британ боксы үшін де айтулы жаңалық болар еді. Мюррейде Генаны жеңе алатындай дайындық та, күш те бар. Бірақ, кім біледі? 1990 жылы «Бастер» Дуглас Майк Тайсонды жеңеді деп ешкім ойламаған. Бокс болған соң, ондай жағдай да болып тұрады»,-дейді ол. Айта кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, ойын барысын (қайталау) «KAZsport» телеарнасынан 22 ақпанда тамашалай аласыздар. boxingnewsonline.net

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды