Д.Лемье: «Головкинмен жекпе-жек өткізгім келеді, тек шартым бар…»
Кәсіпқой ринкге алғашқы 20 кездесуінің барлығын нокаутпен аяқтаған канадалық боксшы бұл кездесудің тиімді жақтарын қалайды.
Орта салмақтағы боксшы Давид Лемье (33-2, 31 КО) орта салмақ дивизионының ең мықты боксшысы, WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.
«Головкинмен рингте жолығу мен үшін тиімді болса, бұл жекпе-жекке қуана келісер едім. Бұл жекпе-жекке көп адам қызығушылық білдірері сөзсіз. Негізі бұл дивизионда Головкиннен бөлек өзге боксшылармен де кездесуге дайынмын. Мен кез-келген ұсынысты қабыл алуға дайынмын, тек мен үшін тиімді болуы шарт», дейді Давид Лемье.
Айта кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.