Геннадий Головкин – Мигель Коттоны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді
WBA (Super) тұжырымының чемпионы мен WBC (Interim) тұжырымының уақытша чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин британиялық Мартин Мюррейді техникалық нокаутпен жеңген соң WBC тұжырымың қазіргі чемпионы – пуэрторикалық Мигель Коттомен жекпе-жек өткізетініне үміттенетінін айтты.
«Мигель Котто қазіргі кезде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, сол себепті мен оны келесі қарсыласым ретінде көргім келеді. Менің мақсатым – орта салмақтағы барлық белбеулердің иесі атану», дейді allboxing.ru сайты.
Айта кетейік, Геннадий Головкин өткен түні Монаконың Salle des Étoiles аренасында британиялық Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізіп, 11 раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
allboxing.ru