ВВС: «Геннадий Головкин – бокстағы ең қауіпті адам ба?»
Өткен аптада әлемнің жетекші басылымдарының назары қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке ауды.
Кездесуде Геннадий Головкин 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Британиялық боксшы алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліс тапты, бұл оның кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі.
«Мартин Мюррей Әлем чемпионы атағын жеңіп алу үшін өткізген үшінші жекпе-жегі жеңіліспен аяқталғанмен ол абыройын сақтап қалды. Себебі WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жекте ол тек 11-ші раундта жеңілді. Мюррей үшін жекпе-жек өте қиын басталса да, ол керемет төзімділік көрсетті. Себебі Головкин бірінші раундтан бастап қарсыласын соққылардың астына ала бастады. Осылайша ол өзінің керемет нокауттар сериясын жалғастырды», - деп жазады ұлыбританиялық «The Guardian» газеті.
«Шаршы алаңның шетіне ығыстырылған Мюррей Головкиннің шабуылдарына төтеп бере алмай, карьерасында алғашқы рет нокаутпен жеңілді», делінген «The New York Times» газетінің мақаласында.
«Головкин өзінің ауыр соққысымен Мюррейді 10-шы раундта үшінші рет нокдаунға жіберді. Жекпе-жек сол кезде аяқталуы тиіс еді. Алайда Мюррейдің бапкерлері оны тағы бір раундқа шығаруға шешсе де, ол тағы да оң жақтан ауыр соққы өткізді. Бұл шаршы алаңдағы төреші үшін жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға жеткілікті еді», дейді «Bleacher Report» спорт сайты.
«Геннадий Головкин – бокстағы ең қауіпті адам ба?» деген атаумен ВВС сайтында сараптамалық материал жарияланды.
Головкиннің жеңісі мен оның келесі қарсыласы туралы мақалалар көптеген әлемдік БАҚ-та жарияланды. Олардың көбі Геннадий Головкиннің қазіргі таңда әлемнің ең үздік боксшылары қатарында екенін алға тартады.