Боксшыларымыз «Странджа» халықаралық турнирінде бес медаль еншіледі
Болгария астанасы София қаласында аяқталған бокстан «Странджа» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль ұтып алды.
Финалдық кезеңге 56 келідегі Жанболат Тілегенұлы мен 91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабев шыққан. Екі боксшымызды финалда өзбекстандық қарсыластары күтіп тұрған болатын. Жанболат Тілегенұлы финалдық кездесуде Муроджон Аҳмадалиевтен жеңіліп, күміс медаль иеленсе, Қамшыбек Қоңқабаев Баҳодир Жалоловты бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен ұтып, турнирдің чемпионы атанды.
Ал, 60 келідегі Жақсылық Илясов, 75 келідегі Рустам Сыбаев және 81 келідегі Нұрбол Алтаев турнирдің қола жүлдегері атанды.
66-шы рет ұйымдастырылған турнирге Ресей, Украина, Өзбекстан, Британия, Германия, Бразилия, Қытай, Эквадор және тағы басқа елдерден үздік деген боксшылар қатысқан.