Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды.
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жекгі 16 мамыр күні өтеді. Қарсыласы америкалық «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші Вилли Монро болмақ. Монро осыған дейін 20 кездесу өткізіп, 19 жеңіске жетіп (6 нокаут), бір жекпе-жегінде жеңіліп қалған.
Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатының Инглвуд қаласындағы 17 мың адамдық The Forum аренасында өтеді.