Роман Гонсалес НВО телеарнасында алғашқы рет Головкин-Монро бокс кешінде жұдырықтасады
Әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі, WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, кәсіпқой шаршы алаңда жеңіліп көрмеген 27 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес НВО телеарнасында алғашқы жекпе-жек өткізеді.
16 мамыр күні ол ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі Әлемнің экс-чемпионы 35 жастағы мексикалық Эдгар Сосамен шаршы алаңға шығады.
Бұл жекпе-жек сол күннің басты оқиғасы – орта салмақтағы WBA (Super) мен WBС (Interim) тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен АҚШ елінің боксшысы кіші Вилли Монро арасындағы бокс кеші аясында өтеді.