Қанат Ислам: Головкин екеумізге де Қазақ елінің намысы қымбат

WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Жуырда Колумбияның Баранкильеде қаласында WBA Fedelation белбеуінің иегері Қанат Ислам мен 31 жастағы колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрада кездесіп, Қанат Ислам атағын қорғап қалды. WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Қандай жарысқа болсын, тек чемпион боламын деп дайындаламыз. Екі ай уақытым тек қана осы 19-шы кездесуге кетті. Сол дайындық нәтижесіз болмады. Ендігі кездесуді АҚШ-та өткізу жоспарда бар. Ол жақтан екі келісімшарт келді. Көмекші заңгерлерім осы тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Қарсыласым алдағы аптады анықталады»,-дейді боксшы. «Бала кезімде алдымдағы ағаларымнан «Мен қалай тез жеңіске жетемін?»,-деп сұрайтын едім. Сонда олар: «Сен қазақтың батырлар жырын оқы, олардың әр шайқас алдында қалай дайындалатынына назар аудар»,-дейтін. Маған қарсыласымды қалай ұрып, қандай техника қолдануды емес, осындай кеңес беретін. Қарап отырсам, бұл адамға жігер береді екен. Бүгінде рингке әр шыққан сайын, сондай көңіл-күймен шығамын. Өйткені, соңымда халық қарап отыр, қарсылас та жеңілемін деп келмейді. Сондықтан, барыңды саласың». Кейіндері әлеуметтік желілерде қазақтың намысын қорғап жүрген екі батыр Қанат Ислам мен Геннадий Головкин рингте кездеседі деген әңгіме тарап жүр. Осы турасында боксшы: «Гена – мықты жігіт. Оны өмірде де, спортта да қатты сыйлаймын. Екеуміздің салмақтарымыз жақын, мен 70 келіде шықсам, ол 72 келі салмақта шығады. Бірақ, екеуміздің арманымыз екі басқа. Екеуміз де қазақпыз, Қазақ елінің намысын қорғаймыз, екеумізге де Қазақ елінің намысы қымбат, екеуміздің да мақсат етіп жүрген қарсыластарымыз бар. Біздің рингте кездесуіміз мүмкін емес. Себебі, әркімнің өзінің қарсыластары жетіп артылады. Менің ойымша, екі қазақты таластырып қажет емес»,-дейді. Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды