Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Анападан үш алтын, бір күміс жүлде еншіледі
Ресейдің Анапа қаласында Николай Павлюков құрметіне арналған бокстан халықаралық жарыс аяқталды.
Жарысқа көптеген елдің спортшылары, соның ішінде Ғалымбек Кенжебаев бастаған Қазақстанның жастар құрамасы да қатысты. Ширек финалға тоғыз боксшы шықса, олардың төртеуі ақтық кезеңге өткен болатын.
Финалда Сакен Бибосынов (46-49 кг), Сабыржан Әбілов (60 кг) және 75 келі салмақ дәрежесінде Аманқұл Әлбихан жеңіске жетті. Ал, 52 кг салмақта Мазур Стоян күміс жүлдені иеленді.
Осылай, Ғалымбек Кенжебаев бастаған құрама команда үш алтын, бір күміс медальға ие болды.