Ержан Жомарт пен Еркін Мұхамеджан Минсктегі бокс турнирінің финалына шықты
Ержан Жомарт (49 келіге дейін) пен Еркін Мұхамеджан (91 келіге дейін) Виктор Ливенцев атындағы Минскте өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Ержан финалдық жекпе-жекте Түркия елінің боксшысымен, ал Еркін өзбекстандық спортшымен жұдырықтасады.
Осыған дейін Абылайхан Жүсіпов пен Шаймұрат Құсайынов қола медаль иеленген еді.
Жалпы Виктор Ливенцев атындағы турнирде 10 мемлекеттен 85 бокс қатысуда.