Руслан Мадиев Головкин-Монро бокс кешіндегі алғашқы жекпе-жекте шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ елінің боксшысы кіші Вилли Монро арасындаға болатын бокс кешінің андеркартында сынға түседі. Инглвуд қаласының (Калифорния штаты, АҚШ) «Форум» аренасында 22 жастағы Русланның қарсыласы әлі белгісіз. Ол жеңіл салмақта төрт раундық жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы кәсіпқой алаңда төрт кездесуге шығып, бәрінде ұтқан. Ал, соңғы жекпе-жегін Руслан Мадиев Калифорнияда 30 сәуірде өткізіп, АҚШ спортшысы Кристиан Сантибаньесті жеңген еді. Еске сала кетейік, кештің басты кездесуі қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық кіші Вилли Монро арасында өтеді. Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды