«Астана Арландары» WSB чемпионы атанды
Астанада WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) 5-ші маусымының «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы финал аяқталды.
«Дәулет» спорт кешенінде екі күнге созылған бокс кешінде 10 жұп сынға түсті. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар үш, ал кубалықтар екі кездесуде жеңіске жеткен еді. Финалдың екінші күні боксшыларымыз қарқынды үдетпей тағы үш рет ұтты.
Екінші күні шаршы алаңға алғашқы болып шыққан Олжас Сәттібаев (52 келі) Йосвани Вейтиа Сотоны ұтса, Закир Сафиуллин (60 келі) Лондон Олимпиадасының чемпионы Ласаро Альвареске есе жіберді. Содан кейін 69 келі салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов Лондон Олимпиадасының тағы бір чемпионы Рониель Иглесиас Сотолонгоны 3:0 есебімен жеңді.
Тоғызыншы жұпта Нұрдәулет Жарманов (81 келі) кубалық Хулио Сесар ла Крустан есе жіберсе, соғы жекпе-жекте Иван Дычко (+91 келі) Йоханди Тойракты 3:0 есебімен ұтты. Осылайша «Астана Арландары» WSB-нің 2015 жылғы чемпионы атанды. Бұл қазақстандық команданың екінші чемпионтық атағы.
Еске сала кетейік, «Астана Арландарына» мен «Cuba Domadores» командалары арасындағы бірінші күннің жекпе-жектері кедесідей аяқталды. Теміртас Жүсіпов (49 келі) кубалық Йоанис Оскар Аргилагості 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен ұтты. Ал, екінші кездесуде Қайрат Ерәлиев (56 келі) кубалық 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамиреске есе жіберді.
Осыдан кейін, «Astana Arlans» командасының капитаны Самат Бәшенов (64 келі) Ясниер Толедоны ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) Арлен Лопесті жеңді. Бірінші жарыс күні шаршы алаңға соңғы болып шыққан Василий Левит (91 келіге дейін) Эрисланди Савоннан 1:2 есебімен ұтылды.