WBA рейтингі: Бейбіт Шүменов ТОП-15-те көш бастап тұр
Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды.Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде орындарын сақтап қалды.
Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) ТОП-15-те көш бастап тұр, Қанат Ислам бірінші орташа салмақ дәрежесінде (69,8 келіге дейін) 6-шы орында, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде 53,5 келіге дейін) 2-ші орында тұр.