Г.Головкин – А.Уорд жекпе-жегін ұйымдастырушылар ортақ келісімге келе алмады
Орта салмақта көш бастап тұрған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен супер дивизионда үздік деп танылған Андре Уорд (28-0, 15 КО) арасындағы мегафайт нұсқасын пысықтауы кедергіге тап болды, деп жазады inform.kz.
«Roc Nation Sports» (А.Уорд ) пен «K2 Promotions» (Г.Головкин) әзірге ортақ келісімге келе алмаған.
«Уорд Геннадий Головкинмен келесі кезекте жұдырықтасқысы келеді, алайда 74,4 келі салмақта бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді инсайдер.
Геннадий Голвкин мен Андре Уорд келесі жекпе-жектерін күзде өткізуді жоспарлауда.