Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев қарсыласын 38 секундта ұтты
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби мансабындағы 5-ші жеңісіне қол жеткізді.
24 жастағы Сойлыбаевтың қарсыласы мексикалық Серхио Нахер болды. Гонг естілісімен-ақ, шабуылға көшкен жерлесіміз қарсыласына ауыр соққы жұмсады. Мұндай қысымға шыдамаған мексикалық нокаутқа құлайды. Төреші жекпе-жекті 38-ші секундта аяқтауға мәжбүр болды.
Бұл жеңіс - Сойлыбаевтың кәсіби мансабындағы уақытынан ерте аяқтаған 3-ші жекпе-жегі. Ал, Серхио Нахер осымен 20-шы рет жеңілді (10 жеңіс, 2 тең кездесу).
Жекпе-жек Калифорния штатындағы Чино қаласында кәсіби боксшылар шоуы кездесуінің аясында өтті.