Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада медиа-тур өткізбек
Fightnetwork.com сайтының хабарлауынша Геннадий Головкин мен Давид Лемье үш қалада пресс-конференция ұйымдастыруды жоспарлауда.
Екі боксшының қатысуымен өтетін медиа-тур 18 тамызда Нью-Йорк қаласында, 19 тамызда Квебекте (Канада) жалғасып, 20 тамызда Лос-Анджелес қаласында аяқталмақ.
Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.
Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.