Дариға Шәкімова бокстан Азия чемпионы атанды
Қытайда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Чемпионаттың финалына шыққан жалғыз отандасымыз, 75 келідегі Дариға Шәкімова финалдық бәсекеде қытайлық Ли Кюаньды 3:0 есебімен жеңіп, екінші рет Азия чемпионы атанды.
Осыған дейін ол 2010 жылғы Азия чемпионатында 69 келіде чемпион атанған.
Айта кетейік, Гауһар Ермекбай (69 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева ( + 81 кг) Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.