Головкин-Лемье жекпе-жегіне үш күнде 10 мың билет сатылған
Жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді.
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен IBF чемпионы канадалық Давид Лемье арасындағы жекпе-жекке 10 мың билеті сатылған, деп хабарлайды Boxing Scene.
Айта кетейік, билеттер құны бес топқа бөлінеді: 50, 100, 200, 300 және 500 АҚШ доллары. Жекпе-жек Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтпек.
Әлем бойынша көрермендер кездесуді НВО телеарнасының ақылы көрсетілімі (PPV) арқылы тамашалай алады. Ал, еліміз аумағында жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді.