Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты
Осы күндері Бангкокта (Таиланд) бокстан Азия чемпионаты өтуде. Бүгін ширек финалдық жекпе-жектерде Олжас Сәттібаев (52 келі) түркімендік Зарип Жумаевты, Зәкір Сафиуллин (60 келі) Солтүстік Корея елінің өкілі Гук Чол Квонды, Данияр Елеусінов (69 келі) қытайлық Лю Вейді, Әділбек Ниязымбетов сириялық Алаа Элдин Госсоунды (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловты 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Осыған дейінгі ширек финалдарда Қайрат Ерәлиев (56 келі) моңғолиялық Идерхуу Энкхджаргналды, Василий Левит (91 келі) иорданиялық Махмуд Алматбулиді ұтқан еді.
Осылайша құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын 4 және 5 қыркүйек күндері тікелей эфирде көрсетеді.