Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады
Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады.
Астана уақытымен 17:55-те басталатын күндізгі сессия аясында 56 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевпен сынға түседі. Осыдан кейін, 22:00-де басталатын кешкі сессия барысында шаршы алаңға тағы екі қазақстандық боксшы шығады.
75 келі салмақта бақ сынайтын Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мисаэль Родригес Оливаспен, ал 91 келіде Василий Левит бразилиялық Хуан Гонкальвес Ногейрамен кездеседі.
Айта кетейік, күдізгі және кешкі сессияның барлық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы 17:55 мен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.