Қайрат Ералиев бокстан Әлем чемпионатынан шығып қалды
Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатынан екінші қазақстандық спортшы шығып қалды. 56 келі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке 0:3 есебімен есе жіберді.
Енді шаршы алаңға Қазақстан атынан сағат 22:00-де басталатын кешкі сессия аясында Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) мен Василий Левит (91 келі) шығады.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.