Иван Дычко Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері
Бүгін Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың финалына екі қазақстандық спортшы жолдама алған еді.
91 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Иван Дычко финалдық жекпе-жекте франциялық Тони Йокаға есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.
Бұған дейін жерлесіміз Әлем чемпионатының қола (Баку, 2011) және күміс (Алматы, 2013) жүлдесін иеленген болатын. Сонымен қатар, ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.
Осылайша Дохада (Катар) аяқталған бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, «KAZsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Дохадағы (Катар) бокстан Әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетті.