Астаналықтар Геннадий Головкиннің құрметіне ұйымдастырылған бұқаралық жүгіруге қатысты (ФОТО)
Ауа райының салқындығына қарамастан, олар таң атпастан тұрып, әйгілі боксшыны қолдап жүрігурге келді. Шараған қатысқан адамдар саны 500-ден асады. Жүгіру аяқталған соң олар GGG белгісіне сап түзеді.
«Бүгін біз елорданың орталық саябағында сап түзеп, жерлес боксшымызды қолдайтындығымызды білдіріп, оның Нью-Йорктегі кездесуіне сәттілік тіледік. Біз енді бұқаралық жүгіруді Алматы қаласында және өзге де қалаларды ұйымдастырамыз, ол үшін қала тұрғындарының барлығын жерлісімізді қолдап, шараға қатысуға шақырамыз. Генаны қолдауға бағытталған шаралардың барлығын суретке, видеоға түсіріп әлеуметтік желілер арқылы таратамыз. Бұл біздің әйгілі боксшымызға деген құрметіміздің көрінісі болады»,-деді BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев фейсбукта.
BI Group Головкиннің бүкіл әлем бойынша барлық жанкүйерлерін онымен бірге болуға шақырды.
«Бүкіл Қазақстан Генадий Головкинді қолдап отыр және оған жеңіс тілейді», дейді компания өкілдері.