Оскар Де Ла Хойя: С.Альварес пен Г.Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруға дайынмын
«Golden Boy Promotion» промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің (45-1-1, 32 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (34-0, 31 КО) қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір екендігін мәлімдеді.
«Альварес-Головкин айқасын неге ұйымдастырмасқа? Бұл жекпе-жек міндетті түрде өтуі тиіс. Бұған еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Сауль Геннадиймен жекпе-жекке шыққысы келеді!» - дейді Оскар Де Ла Хойя.
Еске сала кетейік, жерлесіміз Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьені 8-раундта мерзімінен бұрын жеңіп, өзіне тиесілі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарына IBF белдігін қосып алды.