Кубалық боксшы Эрисланди Лара Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
WBA/IBO тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы Әлем чемпионы 32 жастағы кубалық Эрисланди Лара (21-2-2, 12 КО) өзінің «Twitter»-дегі микроблогына орта салмақтағы WBA/IBF/WBC interim/IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шақырды.
Э.Лара Г.Геннадиймен орта салмақ санатында жұдырықтасуға келіспек. Бұдан бұрын ол Геннадий Головкинге қарсы бірінші орта салмақта рингке шыққысы келетінін айтқан.
Еске сала кетейік, Эрисланди Лара өзінің келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы 39 жастағы словениялық Ян Завекпен (35-3, 19 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде «Hialeah Park Race Track» аренасында 25 қарашада өткізбек.