Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін Г.Головкинге ақша төлегенім әділ емес – Мигель Котто
М.Котто Геннадий Головкинмен міндетті жұдырықтасуды кейінге қалдырып, Сауль Альвареспен кездесу үшін ақша төлеуіне тура келген.
Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мигель Котто титулдық жекпе-жектер үшін ақшаның тым көп пайызын төлетіп, уақытша чемпиондарды тағайындайтын бокс ұйымдарының саясатына қарсы.
«Маған Канеломен жұдырықтасу үшін белдік керек емес. Әрбір дивизионда Г.Головкин сияқты тым көп чемпион жасайтын ұйымдармен қазіргі кезде келеңсіздіктер тым көп. Сондықтан, С.Канеломен жұдырықтасу үшін оған 800 мың доллар төлеуіме тура келді. Бұл мен үшін және бокс үшін әділ емес», - дейді Мигель Котто.