Қазақстан бокс федерациясы 2015 жылдың бокс саласындағы үздіктерді анықтады
Қазақстан бокс федереациясының басшылары 2015 жылы үздік атанған боксшылар мен бапкерлерді марапаттады.
Үздік ер боксшы:
2015 жылдың ересектер арасындағы үздік боксшы – Иван Дычко. (Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионы, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
Жастар арасындағы үздік боксшы – Аманқұл Әбілхан (ҚР чемпионы – 2015, Бранденбург кубогының чемпионы – 2015 (Германия);
Үздік қыз боксшы:
2015 жылдың қыздар арасындағы үздік боксшы – Дариға Шакимова. (Азия чемпионы – 2010 және 2015);
Жастар арасындағы үздік қыз боксшы – Балауса Мұздыман (ҚР чемпионы 2013, 2014, 2015, 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жастар арасындағы Әлем чемпионы – 2015.
Жасөспірімдер арасындағы үздік қыз боксшы – Надежда Рябец. (Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы – 2015, ҚР чемпионы – 2015);
Үздік бапкер:
2015 жылдың үздік бапкері (ерсектер) – Владимир Шайер (Иван Дычконың бапкері);
2015 жылдың үздік бапкері (жастар) –Тұрлыбек Көпжасаров (Аманқұл Әбілханның бапкері);
2015 жылдың үздік бапкері (қыздар) – Шамиль Сафиуллин (Мадина Нұршаева, ҚР Спартакиадасының чемпионы – 2015);
2015 жылдың үздік бапкері (жастар және жасөспірім қыздар) – Азамат Балмағамбетов (Надежда Рябецтің бапкері);
2015 жылдың үздік төрешісі – Нұрбек Батыров.
2015 жылдың үздік бокс федерациясы – Қызылорда бокс федерациясы.
ОҚО бокс құрамасы ҚБФ Кубогының 2015 жылғы чемпионы атанды.