Қарағандыда бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды
Биыл XXXII рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге қазақстандық боксшылардан бөлек, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Турнирге жалы саны 130 боксшы қатысуда, олардың 90-ы қазқастандық боксшылар. Солардың қатарында Әділбек Ниязымбетов, Қайрат Ералиев, Олжас Сәттібаев, Іляс Сүлейменов, Жәнібек Әлімханұлы секілді еліміздің үздік бокшылары да бар.
Ал, Рио Олимпиадасына жолдама алған 49 келідегі Біржан Жақып, 60 келідегі Берік Әбдірахманов, 69 келідегі Данияр Елеусінов және 91 келідегі Василий Левит жарыстан босатылған.
Осы турнирде жеңімпаз атанған қазақстандық боксшылар келесі жылы Рио Олимпиадасына жолдама беруші турнирлерге қатысуға мүмкіндік алады.
Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир 21 желтоқсанда аяқталады.