Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматыда Германия құрамасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Алматы облысындағы АИБА бокс академиясында Қазақстан мен Германия боксшылары жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов академияға 69-дан 91 келіге дейін және одан жоғары салмақтағы спарринг әріптестер келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Олардың біразы Олимпиада жолдамасына қол жеткізген. Мысалы - Араик Марутян (69 келі), Давид Граф (91 келі) және Эрик Пфайфер (91 келіден жоғары).
Қазір екі ел боксшылары жұппен жаттығу жасауда, екі команданың арасындағы кездесуі 17 және 19 ақпанда өтеді.