Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткізді
Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекке қатысты баспасөз конференциясын өткізді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде «Forum» (Калифорния штаты, АҚШ) аренасында өтеді.
Баспасөз конференциясына Головкин-Уэйд андеркартында жұдырықтасқан Роман Гонсалес те қатысқа.
Г.Головкиннің промоутері Том Леффлер берген сұхбатында жанкүйерлерді қызықты айқас күтіп тұрғанын атап өтті. Бір кеш аясында көрермендер Геннадий Головкин мен Гонсалестің жекпе-жегін тамашалайды.