Астанада бокстан қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Кеше астанадағы «Дәулет» теннис орталығында бокстан қыздар арасындағы ел біріншілігі басталды.
Оған еліміздің 14 облысымен Астана және Алматы қалаларынан 85 боксшы қатысуда. Біріншілік 10 салмақ дәрежесінде өтуде.
Ел біріншілігіне Ұлттық құрама мүшелері де қатысып жатыр. Олар – Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Мәдина Нұршаева, Мөлдір Базарбаева.
Қазақстан чемпионынан соң бапкерлер Ұлттық құрама тізімін жасақтап, мамыр айында өтетін бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатына дайындықтарын бастайды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасына жолдама беруші турнирлерге қатысады.