Дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнінде жарысқа қатысатын дзюдошылар
Азия біріншілігіне Қазақстан ерлер Ұлттық құрамасынан 8 және әйелдер құрамасынан 12 спортшы қатысуда.
Бүгін шаршы алаңға ерлер арасында 81, 90, 100 және + 100 келі, ал қыздар арасында 70, 78, + 78 келі салмақтағы спортшылар шығады.
Бүгін жарысқа шығатын Қазақстан Ұлттық құрамасының дзюдошылар тізімі:
Ерлер:
Азиз Қалқаманұлы (81 келі, Жамбыл облысы)
Тимур Болат (90 келі, Астана қ.)
Ислам Бозбаев (90 келі, Қарағанды облысы)
Максим Раков (100 келі, Қарағанды облысы)
Ержан Шынкеев (100 келіден жоғары, Қарағанды облысы)
Қыздар:
Динара Құдарова (70 келі, Қызылорда облысы)
Альбина Амангельдиева (78 келі, ОҚО)
Зарина Райфова (78 келі, Алматы қ.)
Зарина Әбдірасулова (78 келіден жоғары, ОҚО)
Гүлжан Исанова (78 келіден жоғары, ШҚО)
Еске сала кетейік, Дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнін «KAZsport» телеарнасынан 19:45-те тікелей эфирде көреаласыз.