Геннадий Головкиннің командасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) Геннадий Головкиннің командасы Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«GGG командасының атынан әр үйге бақыт, денсаулық және жайлылық тілейміз! Шаңырақ берік, дастархан майлы болсын! Наурыз құтты болсын!», - делінген құттықтауда.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 23 сәуірде америкалық боксшы Доминик Уэйдке қарсы өткізеді.